Павлодарда мемлекеттік құпия мәліметтерді жинаған колонияның бұрынғы басшысы сотталды
№45 мекеменің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс жабық режимде өтті. Істің жай-жапсары ашық айтылмайды, деп хаба ...
Өкінішке қарай, бейсенбінің таңы өрт жұртшылығы үшін қаралы хабарлармен атты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұған дейін Павлодар облысындағы шаруа қожалығы отқа оранып, алты адам қаза тапқанын хабарлаған едік. Енді Тереңкөл ауданында қайғылы жайт орын алғаны белгілі болды. Бүгін таңертең төтенше жағдайлар қызметіне аудан орталығындағы баспаналардың бірінен өрт шыққаны туралы хабар түскен. Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде ағаш шатыр құрылымдары отқа оранған болды.
Оқыс оқиға орнынан 1982 жылғы ер адам ес-түссіз күйде шығарылып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Ол өрт сөндіру қызметкерлері келгенге дейін әйелі мен үш баласын терезеден шығарып үлгерген екен. Өкінішке қарай, өзі ауруханада көз жұмды.
Ал мамандар 100 шаршы метр аумақтағы өртті ауыздықтап, толығымен сөндірді. Оқыс оқиғаның себептері анықталуда.
№45 мекеменің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс жабық режимде өтті. Істің жай-жапсары ашық айтылмайды, деп хаба ...
Павлодар облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасымен кейінгі екі жылда 30 денсаулық сақт ...
Жол-көлік оқиғасы салдарынан тағы бір адам жарақат алған. Полиция қайғылы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғады, деп х ...