Ақтауда 7-сынып оқушысына зорлық жасалғаны туралы ақпарат тарады
Ақтауда жетінші сынып оқушысы бірнеше рет жоғары сынып оқушылары тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырап, болған ...
Республика күні қарсаңында Шет ауданы Сәкен Сейфуллин кентінің тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында жаңа заманауи мектеп өз есігін айқара ашты, деп жазады Egemen.kz.
300 орынға арналған білім ордасында оқушылардың жан-жақты дамуына және сапалы білім алуына барлық мүмкіндік жасалған.
Мұнымен қоса, STEM-зертхана, жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптар, робототехника мен графикалық дизайн кабинеттері, түрлі үйірмелерге арналған арнайы бөлмелер жұмыс істейді.
Мектепке жасанды интеллект технологиясымен жабдықталған 22 интерактивті тақта орнатылған.
Білім ордасы қауіпсіздік тұрғысынан да заманауи талаптарға сай. Мұнда полициямен тікелей байланыс орнатуға арналған дабыл түймелері қойылған. Олар бейнекамералармен жабдықталған, бұл төтенше жағдайда ахуалды жедел анықтап, тез әрекет етуге мүмкіндік береді.
Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін де барлық жағдай қарастырылған.
Мектеп аумағы да абаттандырылған: футбол, волейбол, баскетбол және хоккей алаңдары, сондай-ақ воркаут аймағы бар.
Қарағанды облысы
Шет ауданы
Ақтауда жетінші сынып оқушысы бірнеше рет жоғары сынып оқушылары тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырап, болған ...
Ресейде білім алу қандай мүмкіндіктерге жол ашатынын айтып береміз. Бүгінгі таңда Ресейдің жоғары оқу орындарында ...
Мектептен күдік тудыратын жарылғыш зат табылмады. 9 желтоқсан күні қаладағы мектептердің бірінде таңертең сабақ ем ...