Павлодарда мектептерде тарих апталығы өтті
Тәуелсіздік күні қарсаңында Павлодар қаласының мектептерінде тарих апталығы өтті. Викторина, пікірсайыс алаңд ...
Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Қоянды ауылында екі оқушыны көлік қағып кетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Nayza Kokse іnstargram-парақшасы таратқан мәліметке сәйкес, оқиға таңғы 7:30-да жайлы мектептің жанындағы жарықтандырылған жаяу жүргіншілер өткелінде болған.
Көлік соққысының салдарынан екі қыздың да басы жарақаттанып, миы шайқалған. Оқушылардың бірінің кеуде қуысы көгерген, ішіне соққы тиген, жамбас буыны соққы алған. Екінші қыздың қолы көгерген.
Паблик мәліметінше, көлікті тізгіндеген – бір фирманың күзетшісі. Ол түнгі сменадан шығып келе жатып, рөлде көзі ілініп кеткен.
Ақмола облысының Полиция департаменті хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы 1 желтоқсанда болған. «Ниссан Премьера» автокөлігінің жүргізушісі Қоянды ауылында жүріп келе жатып, жаяу жүргінші өткелінен өтіп бара жатқан екі кәмелетке толмаған қызды қағып кеткен.
Жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді. Бұл факті бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Nayza Kokshe (@nayza_kokshe)
Тәуелсіздік күні қарсаңында Павлодар қаласының мектептерінде тарих апталығы өтті. Викторина, пікірсайыс алаңд ...
8-ші сыныптың 50 оқушысы Әділет жобасына қабылданды. Астаналық оқушылар заң мен құқықты тереңдетіп оқитын болды. " ...
Оқу-ағарту министрлігі еліміздің бірнеше өңірінде мектептердің қашықтан оқыту форматына ауыстырылғаны туралы ақпарат ...