Заманауи зауыт жылына жетпіс мың тонна жеміс өңдейді
Алматы облысында көкөністер пен жемістерді (жылына 70 мың тонна) терең өңдейтін зауыт құрылысы басталды. Заманауи өң ...
Алматы облысында индустриялды-логистикалық парк ашылды. Бастама өңірде халықаралық талаптарға сай жүк сақтау және өңдеу инфрақұрылымын қалыптастыратын ірі индустриялық-логистикалық орталық құруға бағытталған. Сондай-ақ Алматы агломерациясындағы «A» санатындағы қойма тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді.
Талғар ауданындағы логистикалық парктің құрылысына «Еуразиялық логистикалық парк» компаниясы 22 миллиард теңге инвестиция салған. Жобаның алғашқы кезеңінде жалпы аумағы 50 мың шаршы метрден асатын «А» класты қоймалар пайдалануға берілді. Алматының шығыс қақпасында орналасқан нысан халықаралық стандарттарға сай салынған және өңірдегі ең ірі логистикалық хабтардың бірі болмақ.
Роман Жужлев, Еуразиялық логистикалық парктің атқарушы директоры:
- 4 гектар жерде 50 мың шаршы метр қойма салдық. Бұл жерде екі бірдей корпус бар. Екеуі де халықаралық талапқа сай, «А» класты қоймалар. Қойманың биіктігі 12 метр, бұл тауарды көп сақтауға мүмкіндік береді. Едені де өте берік: бір шаршы метріне сегіз тоннаға дейін жүк қоюға болады. Сондықтан мұнда кез келген стеллаж, көпқабатты қойма құрылымдарын еркін орнатуға болады.
2028 жылы толық қуатта жұмыс істеуге көшетін нысан 250 жаңа жұмыс орнын ашып, өңірдің кадрлық әлеуетін сақтауға ықпал етеді. Кешен еліміздің негізгі көлік дәліздерінің бірі – Құлжа тасжолының бойында, Алматы қаласына жақын орналасқан. Бұл оның Орталық Азиядағы транзиттік және дистрибуциялық ағымдар үшін стратегиялық маңызын айқындайды.
Таңат Айдарбеков, Талғар ауданының әкімі:
- Алматы – үлкен мегаполис. Өткен жылы 25-тен астам үлкен жоба болған. Соның арқасында өткен жылдан бастап Талғар ауданы донор аудандардың қатарына кіргенбіз.
Жаңа логистикалық парк облыстың экспорттық-импорттық мүмкіндіктерін кеңейтіп, алдағы ірі жобалардың жүзеге асуына жол ашады.
Авторлары: Гүлім Советқан, Аят Дуйсембай
Алматы облысында көкөністер пен жемістерді (жылына 70 мың тонна) терең өңдейтін зауыт құрылысы басталды. Заманауи өң ...
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,5 млрд теңгеге немесе 11,4%-ға жоғары (01.12.2024 ж. жа ...
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан жеті адам қаза тапты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. ...