Сұмдық статистика: 19 мыңға жуық жас қазақстандық микронесиесін төлей алмай жүр
Бұл туралы Naryk.kz телеграм арнасы жазды. 20 жасқа толмағандар арасында борыш жүктемесінің өсуін болдырмау үшін ж ...
Осы жылдың 10 айында қаланың комьюнити орталықтарында 2 мыңнан астам іс-шара өткізіліп, олар 535 000 жас азаматты қамтыған. Бұл туралы Алматы қаласының жастар саясаты басқармасы мәлім қылды, деп жазады Egemen.kz.
Бүгінде әкімдіктің жобалық кеңсесінің қолдауымен қаланың 11 комьюнити-орталығы жұмыс істеп тұр. Бұл орталықтарда жастарға психологиялық және заңгерлік көмек, жұмысқа орналасу, кәсіби бағдар және кәсіпкерлік бойынша кеңес беру қызметтері тегін көрсетіледі. Сондай-ақ олар бастамасы мен жобасын дамыту үшін коворкинг-аймақтарын пайдалана алады.
Осы кезең ішінде жастардың шамамен 10 000-ы жұмысқа орналасу мәселесі бойынша, ал 6 мыңы психологиялық және құқықтық қолдау бағытында кеңес алған. Жыл соңына дейін тағы 5 комьюнити орталықты іске қосу жоспарланып отыр.
Қала әкімдігінің мәліметінше, бұған қоса, қала бойынша 100 демалыс орталығы жұмыс істейді, онда жастар шығармашылық және спорттық үйірмеге, шеберхана мен секцияға қатыса алады. Жыл басынан бері жоспарланған 20 нысанның 14-інде жаңғырту жұмыстары аяқталған, қалғандарын жаңарту жыл соңына дейін толық аяқталады.
Бұл туралы Naryk.kz телеграм арнасы жазды. 20 жасқа толмағандар арасында борыш жүктемесінің өсуін болдырмау үшін ж ...
Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында бірінші вице-министр Тимур Сұлтанғазиев нәрестелер өлімін төме ...
Қазақстан экономикасы 6,4%-ға өсті: көлік, құрылыс және автоөнеркәсіп саласы негізгі қозғаушы күш болып отыр, деп ха ...