Қазақстанда әлеуметтік көмек алушыларды тексеру күшейеді
Қазақстанда әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды алу тетігі қайта қаралып, көмек алушыларды тексеру күшейтіледі, д ...
0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !
Есірткі таратып, тасымалдаған құқық бұзушылардың жазасы қысқарды. Президент өзгерістер мен толықтырулар енген заңға қол қойды. Ішкі істер министрлігінің өкілі Қуандық Әлжановтың айтуынша, күшіне енген заңда қылмысты бірінші рет жасағандарға ерекше мән беріліп, жазаны жұмсарту көзделген. Есірткі жасырып, тасымалдаған заңбұзушыларға берілетін жаза мерзімі 12 жылдан 10 жылға қысқартылды.
Ал психотроптық заттарды дайындап, өткізумен айналысқандарға тағайындалатын жаза 5-8 жыл деп бекітілді. Бұрын бас бостандығынан айыру 10 жылға дейін болған. Бұл тузетулер құқық бұзушылардың жасы мен тұрмыстық жағдайын ескере отырып қабылданған. Жаңа нормада жауапқа тартылушының жасына да ерекше мән беріледі. Мұндай өзгеріс оларға адамгершілікпен қарауға мүмкіндік береді деді.
Қуандық Әлжанов, ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары:
Қызметтік өкілеттігін пайдаланып, есірткінің заңсыз айналымымен айналысатын лауазымды тұлғалар үшін мерзімдер 15 жылдан 20 жылға дейін, не өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейді. Енді неғұрлым қатаң жаза көзделетін 4-бөлімге ауыстырылды. Аталған баптың 4-бөлігі есірткі өндірісіне қатысы бар лауазымды адамдардың өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауаптылығын күшейтуді көздейді.
Динара Жарқынбек
Қазақстанда әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды алу тетігі қайта қаралып, көмек алушыларды тексеру күшейтіледі, д ...
Санжар Тәтібеков, «Talap» коммерциялық емес АҚ президенті ...
Еліміздегі барлық сала цифрланып келе жатқан қазіргі жағдайда мамандарды қайта даярлау ерекше маңызды болып отыр. Әс ...