Жақында 5 шекаралық өткізу пункті іске қосылады – Үкімет
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Президент тапсырмасына сәйкес, желтоқсан айында мемлекеттік шека ...
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов әуе жолдары арқылы тасымалданатын жүктерді халықаралық стандарттарға сай электронды құжат айналымына көшіруді жеделдету қажеттігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет басшысы Қаржы, Ауыл шаруашылығы және Көлік министрліктеріне 2026 жылдың 1 наурызына дейін «e-Freight» ақпараттық жүйесімен толық интеграцияны аяқтауды тапсырды.
«Әуе жолдары арқылы өтетін жүк тасымалы саласында халықаралық стандарттарға сәйкес, электронды құжат айналымына көшуді жеделдету қажет. Бұл деректерді өңдеу жылдамдығын арттырып, бизнес пен шетелдік серіктестердің тарапынан сенім мен ашықтық деңгейін жоғарылатады», деді Премьер-министр.
Сонымен қатар О.Бектенов аталған шара импорттық және экспорттық декларациялар, сондай-ақ ветеринариялық және фитосанитариялық сертификаттар бойынша деректердің автоматты түрде берілуін қамтамасыз ететінін баса айтты.
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Президент тапсырмасына сәйкес, желтоқсан айында мемлекеттік шека ...
Елімізде әуе жүк тасымалдаумен айналысатын KTZ Air Cargo деп аталатын жаңа компания пайда болды. Оның құрылтай ...
Қазіргі таңда "Туристік қызмет туралы" заңның осы салаларға қатысты тұстарына түзетулер жобасы әзірленген. ...