Қазақстанда жүк тасымалдау көлемі 11 пайызға артты
2025 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанда көліктің барлық түрімен 928 миллион жолаушы тасымалданған. Бұл өтк ...
Елімізде әуе жүк тасымалдаумен айналысатын KTZ Air Cargo деп аталатын жаңа компания пайда болды.
Оның құрылтайшысы – "Қазақстан темір жолының" еншілес компаниясы KTZ Express, деп жазады inbusiness.kz сайты naryk.kz порталына сілтеме жасап.
Әуе компаниясы 2025 жылдың қазан айында Астанада тіркелді. Ұйымдық-құқықтық нысаны – Акционерлік қоғам (АҚ), жарғылық капиталы – 196,6 млн теңге. Бір акциясының номиналды құны 1,966 млн теңге болатын 100 жай акция шығарылған. Олар Құнды қағаздар орталық депозитарийінің есеп жүйесіне 2025 жылдың 26 қарашасында енгізілді және оларды жалғыз акционер төледі.
Жаңа компанияның экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша "кестеге бағынатын жүк әуе көлігінің қызметі" көрсетілген.
Әуе компаниясының құрылтайшысы – KTZ Express – көліктік-логистикалық қызметтермен айналысады.
Жалпы, әлемдік әуе жүк тасымалының 15%-ы Қазақстанның үстінен өтеді. Бүгінгі таңда ондағы көлем 57,7 млн тоннаны құрайды.
2025 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанда көліктің барлық түрімен 928 миллион жолаушы тасымалданған. Бұл өтк ...
Жанар‑жағармай құю бекеттері желісінің дамуы, жаңа өнімдерді іске қосу және тұтынушыларға қызмет көрсетуге бас ...