"Доғарайық қатындар": Мөлдір Анарбаева оңтүстікте тойбастарға берілетін ақ орамалдар мен мата туралы
Ол тойда ешкімге керегі жоқ ақ орамал мен мата беруді доғаруды талап етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа портал ...
Танымал блогер отбасы Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова үйлену тойын жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы .
Желі жұлдыздарының тойы әлеуметтік желіде кеңінен тарады.
“Жыл тойын бастаймыз. Ерболат менің арманымды орындады. Жалпы, барлық қыз-келіншектің арманы ақ көйлек кию емес пе?! Менің арманым да 12 жылдан кейін орындалғанына қуаныштымын”, – деп жазды Эльмира Төлегенова.
Той Алматыдағы қымбат қонақ үйдің бірінде өткен. Олардың тойларына тек танымал блогерлер ғана қатысқан. Бұл тойды күйеу жігіттің өзі ұйымдастырған көрінеді. 12 жыл бұрын блогерлер бас қосқанда үйлену тойын өткізуге ақшалары болмаған екен. Бүгінде жұлдызды блогерлер үш ұл тәрбиелеп отыр.
Үйлену тойындағы тосынсый – ресейлік әнші МОТ. Қазақстандағы жұлдыздар Қайрат Нұртас, Ninety one тобы, Қазыбек Құрайыш және Әміре, Тұрар өнер көрсетті.
Алайда желі қолданушылары үйлену тойындағы ысырап пен дарақылықты талдап жатыр.
“30 миллионға торт алғанша коттедж алмаймын ба?!”, “11 қабаттан тұратын торт жасау – ысырапшылдық”, “Бұл дүниеде Ерболаттың ақшасы есептелмейді, санына жету мүмкін емес”, “Одан да жетім балаларды тойдырту керек”, – деп жазды көпшілік.
@ayzada.brend #ерболатжанабылов #свадьба ♬ Счастливыми — Саша Санта
Ол тойда ешкімге керегі жоқ ақ орамал мен мата беруді доғаруды талап етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа портал ...
Блогер Ақбота Нұрахын туған күнін ерекше атап өтіп, кешке келген қонақтарға гауһар тасы бар жүзіктер сыйға тар ...
Танымал блогер Қалдықыз Жаппарқызы ауыр дертпен күресіп жүргенін айтып , елге жан сырын ақтарды. Бұл турал ...