Мемлекет басшысы: Екі ел арасындағы ықпалдастық тұтас Орталық Азияға әсер етеді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманның Алм ...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевт қазақстандықтарды Амал күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Амал күнімен құттықтауы Құрметті отандастар!
Сіздерді әз-Наурыздың бастауы – Амал күнімен шын жүректен құттықтаймын! Амал келгенде амандық білісу – көне заманнан жалғасқан айрықша дәстүріміз. Қыстан шығып, шуақты көктемге аман жеткен ағайын осы күні бір-бірімен көріседі. Жастар үлкендерге сәлем беріп, қариялардың батасын алады. Халқымыз ежелден осындай ғұрыптар арқылы бауырмалдық пен жанашырлықты, татулық пен мейірімділікті дәріптеп, ұрпақтың бойына асыл қасиеттерді сіңіре білген. Мұның бәрі қазіргі Қазақстанның Адал азамат тұжырымдамасымен толық үндеседі.
Бүгінде Наурыз мейрамы алдындағы көрісу ғұрпы қайта жаңғырып, жалпыұлттық сипат ала бастады. Осы бірегей дәстүріміз еліміздің ырысты ынтымағы мен берекелі бірлігін нығайта түседі деп сенемін.
Әр шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!
Айдан аман, жылдан есен болайық!
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманның Алм ...
Тоқаев "Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл" бірыңғай мерекелік медалі туралы" жарлыққа қол қойды Бұл тур ...
Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» медалімен наградталады. Мемлекет басшысы «Ұ ...