Соня Жиенбаева ITF W35 турнирінде ширек финалға жолдама алды
Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева АҚШ-тың Линкольн қаласында өтіп жатқан ITF W35 турнирінде ширек фи ...
Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик АҚШ-тың Финикс қаласында өткен Challenger турнирінің финалында ұтылды.
Финалдық сайыста ол бразилиялық Жоао Фонсекамен кездесті. Бұл бәсеке өте тартысты өтіп, екі сет те тай-брейкке ұласты. Десек те шешуші тұста ширақ қимылдаған Фонсека 7:6, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Аталған турнирде финалға шыққанының арқасында ол АТР рейтингтінде екі сатыға жоғарылап, қазіргі кезде 80-орынды иеленіп отыр.
Үздіктер тізімінде Александр Шевченко өз орнын сақтап қалды. Отандасымыз 98 сатыға жайғасты. Ал Тимофей Скатов пен Михаил Кукушкин өткен аптамен салыстырғанда жағдайларын жақсартты. Бұл күндері олар 160 және 175 орындарды еншілеп тұр.
Көш басында айтарлықтай өзгеріс жоқ. Бұл ретте үздік үштіктің қатарында италиялық Янник Синнер, германиялық Александр Зверев және испаниялық Карлос Алькарас сынды саңлақтар бар.
Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева АҚШ-тың Линкольн қаласында өтіп жатқан ITF W35 турнирінде ширек фи ...
Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Токиода (Жапония) өтіп жатқан WTA 500 турнирін ...
Ересектер арасында Қазақстан чемпионы Әмір Омарханов Тунистегі турнирде қарсыласын еш қиындықсыз жеңді. 17 ж ...