• 18-03-2025

Интернет-алаяқтық: елордалықтар құрылтайда қозғалған мәселеге қатысты пікір білдірді

Елде алаяқтық әрекеттер жиілеп барады. Әккілер, әсіресе, әлеуметтік желілер арқылы айласын асырып отыр, деп хабарлайды 24kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев уәкілетті органдарға интернет-алаяқтық мәселесін назарға алуды тапсырды. Бұл туралы Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында айтылды. Жиында көтерілген өзекті түйткілге қатысты елорда тұрғындарының да айтары бар.

Блиц 1:

- Әсіресе, қарт адамдарға өте қиын. Себебі олар телефонмен қоңырау шалады. «Сіздің атыңыздан несие алып жатыр» деген сияқты. Және көп адамдар бұған сеніп қалады. Бізде қауіпсіздік сәл төмендеу. Мұны күшейту керек деп ойлаймын.

Блиц 2:

- Өзімде қала тұрғыны ретінде осы интернет-алаяқтыққа ұшырап алданып қалған сәттерім болған. Егер сіздің алданбай тұрғаныңызды байқап қалса, олар қорқытуға көшеді екен. Президентіміздің осы бастаманы көтеріп жатқандығына өте қуаныштымын.

Блиц 3:

- Иә, өзім тап болғанмын. Интернет магазиннен киім тапсырыс бергенмін. Бірақ алдап кетті ақшасын төлегеннен кейін. Мен құрылтайда Президенттің айтқанымен келісемін. Интернет-алаяқтықпен күресті күшейту қажет.

Блиц 4:

- Қазіргі уақытта үлкен мессенджерлер көп. Мысалы, «балама дауыс беріп жіберіңіздер» деп. Кейде шын жағдайлар болады. Ал кейде алаяқтарға түсіп қаламыз. Енді қаншалықты тосқауыл қоюға болатынын білмеймін. Бірақ өте күрделі жағдай болып тұр.

Блиц 5:

- Иә, Президенттің бастамасын қолдаймын. Менде де сондай болған, ата-анам хабарласқан. Біз ол мәселені шештік бірнеше күннен кейін. Адамдардың көбі білмейді мына жақта.