Жыл сайын жарты миллион азамат жұмыс берушілердің қаржысы есебінен оқиды
Еліміздегі барлық сала цифрланып келе жатқан қазіргі жағдайда мамандарды қайта даярлау ерекше маңызды болып отыр. Әс ...
0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты 70 миллион сөз қолданыстан тұратын қазақ тілінің ұлттық корпусын таныстырды. Интеллектуалдық база аясында жирмаға жуық жаңа өнім жасалған. Бұл қатарда «Қазақ тілінің әмбебап электрондық сөздігі», «Тілтанымдық электрондық кітапхана», «Қазақ мәтінін автоматты тану жүйесі», «Ақылды мәтін түзеткіш» және «Әмбебап электрондық сөздік» сынды смарт өнімдер бар. Мамандар осы жобалар қазақ тілін терең зерттеуге және ана тілімізді үйренемін деушілерге ғылыми тұрғыда таптырмас құрал болады деп отыр.
Айта кету керек, институт ғалымдары алғаш рет Астанаға келіп, өз зерттеу нәтижелерін таныстырды.
Анар Фазылжанова, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры:
Институт соңғы жылдары қазақ тілінің жасанды интеллект негізі ретіндегі ғылыми базасын әзірледі. Бүгінгі күні институт 70 миллион сөз қолданысынан тұратын 16 түрлі ішкі корпусқа ие қазақ тілінің ұлттық корпусын әзірлеп отыр. Оның үстіне ақылды мәтін түзеткіш әзірленді. Сіздің мәтініңіздің грамматикасын, пунктуациясын және орфографиясын бір мезетте түзеп беретін IT құрал қоғамға қолжетімді.
Серік Жұмабек
Еліміздегі барлық сала цифрланып келе жатқан қазіргі жағдайда мамандарды қайта даярлау ерекше маңызды болып отыр. Әс ...
Бұл туралы мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Қазақстанда кітап оқу мәдениетін ...
2025 жылы 13 202 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикағ ...