Биыл 200-ден астам жаңа мектептің құрылысы аяқталады
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде 460 мың орындық 217 мектеп пайдалануға беріледі . Былтыр жаңа форматтағ ...
Білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы табысты жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen .kz.
Бағдарлама аясында «Қамқор», «Шабыт», «Смарт бала», «Еңбегі адал – жас өрен», «Ұшқыр ой алаңы», «Балалар кітапханасы» атты 6 ірі жоба іске асырылып, 4 миллионға жуық оқушыны қамтып, құнды тәрбие беруге бағытталған 77 қадамдық іс-шаралар кешені арқылы жүзеге асып жатыр.
«Қамқор» жобасы бойынша 3 миллионнан астам білім алушы «Таза Қазақстан» акциясына сеңбіліктерге белсене қатысты, 2,1 миллионға жуық көшет отырғызды.
«Шабыт» жобасы: 2 миллионнан астам бала домбыра тартуға қатысты. Сондай-ақ, «Әншуақ» фестивалі жас орындаушылар арасында үлкен танымалдыққа ие болды. Сонымен қоса, «Даналық ұстаздан», «Мақтанышым – Республикам!», «Жетістігім – еліме!», «Алғыс айту күні», «Ананың аялы алақаны» секілді байқауларға 3 миллионға жуық оқушы қатысқан.
«Наурыз мейрамы қарсаңында еліміздің барлық мектептерінде бір мезгілде күй орындалады. 20 наурыз күні сағат 11:00-де республикалық домбырашылар челленджі өтеді. Оған 1 млн-ға дейін оқушы мен педагогтер қатысады деп күтіліп отыр», деп мәлімдеді Тәрбие және қосымша білім беру департаментінің директоры Ерлан Қалмақов.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Балалар кітапханасы» жобасы іске қосылды, оның аясында 2580 кітаптың тізімі жасалды. Сонымен қатар, 2024 жылы балалар кітапханасының онлайн-порталы іске қосылған.
Мектептерде оқу аптасы ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталады. Үзіліс кезінде оқушылар «асық ату», «тоғызқұмалақ», «бес тас» секілді ұлттық ойындарға белсене қатысады.
Көктемгі каникулда үйірмелер мен секциялар жұмыс істейді. Балалар әр айдың үшінші жексенбісінде және каникул уақытында музейлерге тегін бара алады. Оған қоса, театрларда балаларға арналған қойылымдар ұйымдастырылады. Сондай-ақ «Қазақфильмнің» алтын қорындағы фильмдер мен анимациялық фильмдерді мәдениет және білім беру ұйымдарында тегін ұжымдасып тамашалау мүмкіндігі жасалып жатыр.