Көлге айналды: Орал халқы тағы да суға батқан көшелерге наразы
Оралда бүгін түстен кейін жауған нөсерден кейін қала көшелері қайтадан су астында қалды , деп хабарлайды Sk ...
Ұлыстың ұлы күні Оралдан 25 шақырым қашықтағы Дариян ауылында ақшаңқан киіз үйлер тігіліп , қолөнер туындыларының жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды 24kz.
Ақ отауларда дастархан жайылып, жұртшылыққа ұлттық тағамдар ұсынылды. Ынтымағы жарасқан ауыл мейрамды, осылайша, бірлікпен қарсы алды. Қаһарлы қыстың қиындығын артта қалдырып, күлімдеген көктемге аман жеткен жұртшылық өзара қауышып, шат-шадыман болды.
Нарғиза Жоламанова, оқушы:
- Осы мейрамды асыға күтеміз. Өйткені ол біздің жаңа жылымыз. Ауылдың адамдары бәрі осы алаңға жиналып, мерекелік бағдарламаны көреді. Осы жерде тағы ұлттық ойындар ойнатылып, ұлттық тағамдар пісіріліп жатыр. Мен осы көріністердің бәріне қарап, өзімнің қазақ болғаныма мақтанамын.
Әлмира Бегеева, Дариян ауылының тұрғыны:
- Өзім ұлтым татар болса да, жыл сайын наурыз көжесін дайындаймын. Наурыз көжесі жеті тағамнан тұрады. Өзім дәрігер болғасын айтайын дегенім, наурыз көже өте пайдалы. Тағам ішінде витаминдері бар. Ақуыз, майлар, көмірсулар бар. Қыста иммунитет түсіп кетеді, сол иммунитетті көтеруге наурыз көже өте пайдалы деп санаймын.
Оралда бүгін түстен кейін жауған нөсерден кейін қала көшелері қайтадан су астында қалды , деп хабарлайды Sk ...
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы мектептердің бірінде оқушы қатарласын пышақтап тастады, деп ха ...
Оралда садақ атудан Қазақстан кубогінің ІІІ кезеңі басталды. Сайысқа еліміздің 7 өңірі мен 3 қаласынан 160- ...