Көлге айналды: Орал халқы тағы да суға батқан көшелерге наразы
Оралда бүгін түстен кейін жауған нөсерден кейін қала көшелері қайтадан су астында қалды , деп хабарлайды Sk ...
Оралда садақ атудан Қазақстан кубогінің ІІІ кезеңі басталды. Сайысқа еліміздің 7 өңірі мен 3 қаласынан 160-қа тарта спортшы қатысуда. Құралайды көзге атқан мергендер ел құрамасына іріктеліп, алдағы Азия чемпионатына қатысады.
Беркініп садақ асынған, біріндеп жауды қашырған батыр бабалардың жеңісті жолын жалғастырып, қорамсаға қол салған сұрмергендер жиналыпты Жайық бойындағы жарысқа. Солардың бірі ақмолалық Санжар Мұсаев. Ол 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2017 жылғы әлем кубогының жеңімпазы. Айтуынша, адырнаны алғаш рет 13 жасында тартқан.
Санжар Мұсаев, сайысқа қатысушы:
- 2008 жылы Пекин олимпиадасын көрдім теледидардан. Осы спорт түріне сосын қызығып, осы спорт түрін тауып, осында келдім. Бұл жерде контактілі спорт түрі емес. Ең бастысы өзіңмен күрес. Өз техникаңды, өзіңді жеңе білсең, чемпион боласың.
Соңғы жылдары өңірде садақ ату спортына қызығушылар аз емес. Бірақ көпшілігі дәстүрлі садақ атудың айналасында қалып қойған. Ал кәсіби түріне көшуге кедергі көп. Бір садақтың өзі миллион жарым теңге тұрады.
Бақдәулет Сәбитов, БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:
- Алда осы спортты дамытудың қилы жолдарын қарап жатырмыз. Енді біздің келесі миссиямыз осы спорттың бұқаралық сипатын арттыру, аудандардан бөлімшелер ашу. Одан бөлек, биыл Қазақстан Кубогін өткізіп жатсақ, келесі жылы жасөспірімдер арасында ҚР чемпионатын өткізу. Бұйырса, ақпан айында біздің өңірде садақ атудан дүбірлі сайыс өтеді.
Садақ атудан Қазақстан Кубогы жолындағы жарыста облыс намысын 36 спортшы қорғауда. Ал жалпы еліміздің 10 өңірінен келген 160-қа жуық мерген 6 күн бойы классикалық және блоктық садақ ату бағдарламалары бойынша нысана көздемек.
Авторлары: Е. Жылқайдарұлы, Б. Жарылғасов, Э. Аюпов
Оралда бүгін түстен кейін жауған нөсерден кейін қала көшелері қайтадан су астында қалды , деп хабарлайды Sk ...
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы мектептердің бірінде оқушы қатарласын пышақтап тастады, деп ха ...
Еліміздің басты мерекелерінің бірі — Конституция күні Орал өңірінде де түрлі мазмұнды шаралармен айшықталды ...