Қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек көрсетілді
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
Польшада Dimash радиосы Наурыз мерекесіне арналған арнайы мерекелік хабар дайындады.
Бағдарламада қазақтың халық әндері мен Димаш Құдайбергеннің орындауындағы танымал әуендер орындалып, тыңдармандар құттықтау жолдайды. Үш сағатқа созылатын эфирде жүргізушілер Наурыз мейрамы, халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы туралы әңгімелейді. Іс-шараға Димаштың поляк жанкүйерлері, Қазақстаннан келген қонақтар шақырылды. Ұйымдастырушылар тыңдарман қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлайтынына сенімді. Польшада Димаш радиосы ресми түрде 2020 жылдан бері жұмыс істейді. Бірегей жобаны өнер жұлдызының жергілікті жанкүйерлері жүзеге асырған.
Тереса Конкол, «Польшадағы Димаш Құдайберген фан-клубы» қауымдастығының президенті:
- Бұл біз үшін ерекше күн. Сондықтан арнайы хабар дайындап жатырмыз. Осы арқылы тыңдармандар сіздердің мәдениеттеріңіз бен Қазақстанда Наурыз мейрамы қалай тойланатыны жайлы көбірек біле алатын болады. Баршаңызды Димаш радиосын тыңдауға шақырамыз. Қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жыл сіздерге мол бақыт, бейбітшілік пен береке әкелсін.
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
Димаш Құдайберген чехиялық «ÓČKO CHART» музыкалық жобасында кезекті мәрте топ жарып, 2025 жылдың жеңімпазы мә ...
Танымал әнші Ұлықпан Жолдасов Qazaqstan телеарнасындағы «Бәрекелді!» бағдарламасына қонақ болып, өнер жолындағ ...