Димаш Құдайберген 2025 жылғы Чехия хит-шеруінің жеңімпазы атанды
Димаш Құдайберген чехиялық «ÓČKO CHART» музыкалық жобасында кезекті мәрте топ жарып, 2025 жылдың жеңімпазы мә ...
Танымал әнші Ұлықпан Жолдасов Qazaqstan телеарнасындағы «Бәрекелді!» бағдарламасына қонақ болып, өнер жолындағы ұстанымы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Бағдарлама барысында ол өзін толыққанды әнші санамайтынын айтып, бұл атаққа тек ерекше диапазоны мен кәсіби деңгейі жоғары вокалистер ғана лайық екенін жеткізді. Оның айтуынша, әлемдік деңгейде танылған Димаш Құдайберген секілді өнерпаздарды ғана нағыз әнші деуге болады.
«Мен өзімді әнші емес, орындаушы деп санаймын. Даусым – қарапайым, қоңыр үн. Басқа адамдардан айырмашылығым – әнді дұрыс таңдай аламын. Гитараның сүйемелдеуімен орындаған әндерім халыққа жақын болды. Бірақ шетелге таныстыратындай, әлемдік сахнаға шығатындай мықты әнші емеспін», – деді Ұлықпан Жолдасов.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Qazaqstan Ұлттық телеарнасы (@qazaqstantv)
Димаш Құдайберген чехиялық «ÓČKO CHART» музыкалық жобасында кезекті мәрте топ жарып, 2025 жылдың жеңімпазы мә ...
Жобаға Қазақстан, Қытай, Қырғыз Республикасы , Италия, Малайзия және Сербия елдерінің әншілері қатысуда. Түрк ...
Димаш Құдайберген 5 қазанда АҚШ-та концертін өткізеді. Танымал сазгер, продюсер Игорь Крутой "Бизнес On ...