Қарағанды облысында жұмысшы мамандықтарына сұраныс артты
0:00:00 0:00:00 Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз! Қарағанды облысының Нұра ауданында жұмысшы мама ...
0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !
Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында құтқарушыларға арналған әмбебап кешен ашылды. Өңірде бұған дейін Төтенше жағдайлар демапртаменті жедел құтқару жасағының өз ғимараты болмаған. Нысан заманауи қондырғылармен жабдықталған. Сонымен қатар техника паркі де 100 пайыз жаңаланды. Заманауи техника төтенше жағдай кезінде жедел әрекет етіп, сапалы қызмет көрсетуге септігін тигізбек. Қазір өңірде су тасқынына қарсы шаралар жүзеге асырылуда. Мамандар жағдай әзірге тұрақты дейді.
Еділ Зікірин, Жедел құтқару жасағының бөлімше басшысы:
Басқа жасақта отырған кезде біздің жасағымыз бір жерде, қоймамыз қаланың екінші жерінде болатын. Көліктер тұратын гараждарымыз қаланың басқа жерінде болатын. Енді қазір бүкіл қоймалар, бүкіл техника барлығы гаражда қарастырылған. Бүкіл жеке құрам бір жерде отырады. Өте керемет.
Қостанай облысында судан қорғайтын ерекше бөгет орнатылды
Ал Қостанай облысында су тасқынынан қорғайтын ерекше бөгет орнатылды. Арнайы су толтырылатын бөгеттер «Қостанай–Әулиекөл–Сұрған» автожолының 211- шақырымына, екіншісі «Сарыкөл–Қостанай» автожолының бойында тұр. Ұзындығы 25 метр, биіктігі 1,5 метр болатын берік материалдан жасалған қорғаныс құралының іші суға толтырылады. Мұндай бөгет тасқын судың таралуына жол бермейді. Қауіп сейілген соң бөгет ішіндегі су немесе ауа шығарылып, оны келесі жылы пайдалану үшін жинап, сақтап қоюға болады.
Эльмира Кәленова
0:00:00 0:00:00 Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз! Қарағанды облысының Нұра ауданында жұмысшы мама ...
0:00:00 0:00:00 Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз! Түркістан облысында соңғы үш жылда 188 ауыл әкі ...
Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз! Қазақстанда 23 наурызда Наурызнама онкүндігінің аясында Тазару ...