• 30-03-2025

Соғыс ардагері Нұрғасым Әжітаев 100 жаста

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Бүгінде еліміз бойынша соғыстың от жалынынан өткен майдангерлер қатары сиреп қалды. Қазір Ақмола облысында небары төрт соғыс ардагері тұрады. Оның бірі қосшылық тұрғын Нұрғасым Әжітаев биыл 100 жасқа толды.

Нұрғасым ата бұрынғы Семей облысы Абралы ауданының Сарықамыс ауылында дүниеге келген. Соғысқа 1943-ші жылы 18 жасында аттанады. Алдымен Новосібір қаласында мергендер мектебінен дайындықтан өткен, кейін Курск доғасындағы қанды шайқастың бел ортасында соғысқан. Берлиндегі шешуші шайқасқа да қатысады. 293-ші атқыштар дивизиясының құрамында Жапониямен де соғысқан. Бүгінде соғыс ардагерінің кеудесі орден мен медальге толы. Оның ішіндегі өзіне ең ыстығы 2-дәрежелі Отан соғысының ордені, Кеңес Одағының маршалы Жуковтың және Жапонияны жеңгені үшін медальдары. Ғасыр жасаған батыр атамыз бүгінде жеті баласынан 10 немере, 13 шөбере сүйіп отыр. Шөберенің қолынан су ішу бақыты бұйырған Нұрғасым атаның жалғыз ғана тілегі бар. «Ел іргесі бүтін болса екен» дейді майдангер.

Нұрғасым Әжітаев, соғыс ардагері:

Бармаған жерім, баспаған тауым жоқ. Ущелье тайганың ішінде летчик боп аспанда жүрдім. Дүниежүзілік соғыста танкист болып танкіде жүрдім. Неше түрлі азапты көрдік. Барлығынан өлмей, әлі күнге аман-есен жүргеніме тәубе етем.

Мәдина Нағашыбай