"Сенің ұрығың кімге керек?": Сынықшы Бағдагүл блогер Елдос Колобок пен оның әйелі туралы
Белгілі сынықшы, Ақтөбе өңіріне танылған Бағдагүл сынықшы отандық блогерлер мен Елдос Колобокты сынға алды ...
Енді әлеуметтік желідегі заңсыз лотереялар қатаң бақылауда болады, деп хабарлайды Skifnews .kz ақпарат порталы.
Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров әлеуметтік желілерде заңсыз лотереялардың көбеюіне алаңдаушылық білдіріп, Үкіметке сауал жолдаған еді. Депутат атағандай, инфлюенсерлер туристік пакеттер, жылжымайтын мүлік, автокөлік және сәнді тауарларды ұтысқа қойып, заңсыз лотереялар өткізіп жүр.
Үкімет басшысының орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қандай шаралар қабылданып жатқанын түсіндірді.
Халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Заңсыз лотереялар мен алаяқтық әрекеттерді болдырмау мақсатында шаралар қабылдануда. Министрлік Instagram, TikTok, Meta платформаларымен бірлесіп жұмыс істейді – ақпараттық алаңды алаяқтықтан тазарту және заң бұзушылықтарды жедел анықтау үшін интернет кеңістігі тәулік бойы бақыланады, — делінген оның жауабында.
Жыл басынан бері:
Заңсыз лотерея ұйымдастырушыларға қандай жаза қарастырылған?
100-ден 2000 АЕК-ке дейін айыппұл (393 200 – 7 864 000 теңге).
Жиналған заңсыз табыс тәркіленеді.
2024 жылдың ақпанынан бері 113 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
Қазақстанда лотерея ұйымдастыруға тек ресми операторларға рұқсат етілген. Қазіргі таңда бұл құқық «Сәтті Жұлдыз» АҚ-на тиесілі.
Үкімет бұл мәселеге ерекше назар аударып, бақылауды күшейтіп жатыр.
Белгілі сынықшы, Ақтөбе өңіріне танылған Бағдагүл сынықшы отандық блогерлер мен Елдос Колобокты сынға алды ...
Қамаудан шыққан блогер Мейірхан Шерниязов алдағы уақытта немен айналысатынын және түрмеде нені аңсағанын м ...
Желіде ұзақ уақыттан бері сәби сүйе алмай жүрген Елдос "Колобоктың" әке атанатыны туралы жаңалық тарады. Блогердің б ...