Биыл 11 012 этникалық қазақ қандас мәртебесін алған
Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды. 2025 жылда 11 012 этникалық қаза ...
2025 жылдың басынан бері 4,4 мыңнан аса этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1991 жылдан бері республикаға 1 млн 152 мыңнан аса этникалық қазақ оралды.
Жыл басынан Қазақстанға қандастардың 45,8%-ы Қытайдан, 40,9%-ы Өзбекстаннан, 5,4%-ы Түрікменстаннан, 3%-ы Монғолиядан, 2,3%-ы Ресейден және 2,6%-ы басқа елдерден келген.
"1 мамырдағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,7%, еңбекке қабілетті жастан кішілер саны 31,9% және зейнеткерлер саны 8,4% болады", — деп жазылған хабарламада.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17,4%-ы жоғары білімді, 26,8%-ы орта кәсіби білімді, 53,6%-ы жалпы орта білімді және 2,2%-ының білімі жоқ.
Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанған. Қандастарды қоныстандыру үшін мынадай еңбек күші тапшы өңірлер анықталған: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды. 2025 жылда 11 012 этникалық қаза ...
Жуырда отандық суперкомпьютер іске қосылады. Бұл туралы "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының төрағасы Бағ ...
Қазақстанға ғашық жандар. Токиода тұратын 60 жастағы Сатоши Акао бірнеше жылдан бері әлеуметтік желілерде ...