Биыл рақымшылық жасау заңы аясында 338 адам жазадан босатылды
Жоғарғы СотТөрағасы Асламбек Мерғалиев 2025 жылы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған жоғары сот орга ...
Павлодар облысында Ұлттық қор қаражаты ұрланғаны анықталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Павлодар ауданындағы нақты сектордың экономика бөлімінің басшысы лауазымын асыра пайдаланған. Бұл әлеуметтік нысан салу кезінде жасалған.
"Ауыл — ел бесігі" мемлекеттік бағдарламасы аясында Ұлттық қордан бөлінген қаражат есебінен Кемеңгер ауылында спорт-сауықтыру кешені салынған, оның құны — 382 млн теңге. Бюджет қаражаты жұмсалуын тексеру барысында мердігерге орындалмаған жұмыстар үшін 158 млн теңге төленгені анықталды", — деп жазылған хабарламада.
Аудан прокуратурасы материалдарды Қылмыстық кодекстің 361-бабы бойынша тіркеді, алдын ала тергеуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент жүргізген.
Павлодар облысының аралық сотының үкімімен бұрынғы шенді 3 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Жоғарғы СотТөрағасы Асламбек Мерғалиев 2025 жылы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған жоғары сот орга ...
№45 мекеменің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс жабық режимде өтті. Істің жай-жапсары ашық айтылмайды, деп хаба ...
Павлодар облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасымен кейінгі екі жылда 30 денсаулық сақт ...