• 21-11-2025

Индонезияда екі қазақстандық өлім жазасына кесілуі мүмкін

Олар сәуір айында Бали аралында ұсталған, олардың қолынан шамамен 49 грамм метамфетамин тәркіленген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл фактіні растады.

Аталған азаматтарға қатысты Индонезияның құзырлы органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде, осыған байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді. Қазақстанның Джакартадағы елшілігі тергеу органдарымен және айыпталушылардың туыстарымен байланыста. Бұл мәселе қазақстандық дипломаттардың бақылауында тұр, – деді ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров.