Индонезияда жұмысшылар наразылығы қақтығысқа ұласты
Индонезия астанасында жүздеген адам шеруге шықты, деп хабарлайды 24kz. Бас көтергендер шеру кезінде ер ада ...
Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Индонезияда Левотоби жанартауы оянды. Жапонияның метеорологиялық қызметі осы жағдайдан кейін цунамидің туындау қаупін тексеріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты gazeta.ru-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің хабарлауынша, жанартау жергілікті уақыт бойынша сағат 12:10-да атқылай бастаған. Егер толқын расымен пайда болса, ол Жапония жағалауларына жергілікті уақытпен 15:30-да жетуі мүмкін. Жапон мамандары цунамидің пайда болу ықтималдығын зерттеп жатыр.
Анадолы агенттігінің жазуынша, кезекті атқылау жергілікті уақыт бойынша сағат 01:05-те болды. Шығыс Нуса-Тенггара провинциясындағы жанартау 18 шақырым биіктікке дейін күл бағанын атқылады.
Левотоби – екі шыңы бар жанартау. Оның белсенді бөлігі болып саналатын Левотоби Лаки-Лакидің биіктігі – 1584 метр, ол одан жоғарғы шың – Перемпуаннан (биіктігі 1703 метр) екі шақырым қашықтықта орналасқан.
Индонезия Тынық мұхиттың сейсмикалық белсенді аймағында тұр. Бұл елде 500-ден астам жанартау бар, олардың шамамен 130-ы белсенді топқа жатады.
Индонезия астанасында жүздеген адам шеруге шықты, деп хабарлайды 24kz. Бас көтергендер шеру кезінде ер ада ...
Индонезияның Бали аралы маңында жолаушылар паромы суға кетіп, 60-қа жуық адам із-түзсіз жоғалып кеткен, деп ха ...
Олар сәуір айында Бали аралында ұсталған, олардың қолынан шамамен 49 грамм метамфетамин тәркіленген, деп хабар ...