Ресейліктерге Германияға бармауға кеңес берілді
Елдің Сыртқы істер министрлігі осындай үндеу жасады. Ресейдің Сыртқы істер министрлігі ресейліктерге Германияға ба ...
Қазақстанның Израиль мен Египеттегі елшіліктері 37 адамды, оның ішінде Қырғызстан мен Ресейдің 13 азаматын эвакуациялады. 26 маусымда бұл топ SCAT әуе компаниясының Каир-Шымкент бағыты бойынша рейсімен Қазақстанға аман-есен жеткізілді. Қақтығыс басталғалы бері Израильден барлығы 103 адам эвакуацияланды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Ираннан 233 қазақстандық елге оралды. Олардың ішінде 135 адам Түрікменстан арқылы, 25 адам Әзербайжан арқылы, 73 адам Армения арқылы елге қайтарылды.
"23-25 маусым аралығында әуе кеңістігінің уақытша жабылуына байланысты Қатар мен Біріккен Араб Әмірліктерінде болған көптеген қазақстандық азамат дер кезінде Отанға орала алмады. Бұл елдердегі Қазақстан мекемелері туындаған мәселелерді реттеу және отандастарымыздың тез арада оралуы үшін жан-жақты консулдық-құқықтық және басқа да қажет көмек көрсетті. 24-27 маусым аралығында еліміздің Катар мен БАӘ-дегі дипломатиялық өкілдіктері қолдау көрсетіп, Қазақстанға 1900-ден астам азамат оралды", – делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Елдің Сыртқы істер министрлігі осындай үндеу жасады. Ресейдің Сыртқы істер министрлігі ресейліктерге Германияға ба ...
Вена қаласында Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен Халықаралық атом энергиясы агенттігінің бас директоры Рафаэль ...
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қат ...