"Жеңілдетілген несие алуға көмектесем": Астанада 16 адамды алдаған алаяқ сотталды
Келтірілген шығын көлемі 4 млн теңгеден асады. Астанада жеңілдетілген несие алуға көмектесемін деп жұртты алда ...
Қытайда ер адам 121 мың АҚШ долларға 300 жыл бойы жаттығуға және жеке сабақ алуға мүмкіндік беретін спортзал абонементін сатып алған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Oddity Central-ға сілтеме жасап.
Ханчжоу тұрғыны бұл абонементті толық пайдалана алуы екіталай, өйткені Қытайдағы орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен 78 жыл ғана.
Жергілікті БАҚ "Цзин" деп атаған жәбірленуші туған қаласындағы Ranyan фитнес-клубында үш жыл жаттыққан. Бір күні оған сатушы келіп, қызық ұсыныс жасайды.
Цзинге спортзал тек тұрақты клиенттерге арналған арнайы акция өткізіліп жатқанын, ұзақ мерзімді абонементтерді арзанға сатып алып, кейін жаңа клиенттерге екі есе бағамен қайта сату арқылы пайда табуға болатыны айтылған.
Оған абонементті шамамен 9 мың юаньға сатып алып, кейін 16,5 мың юаньға сатуға уәде берген, тіпті екі ай ішінде сатылмаса, ақшаны толық қайтарамыз деп сендірген.
Бірнеше күннен кейін сатушы тағы келіп, қосымша жарнамалық абонементтер барын айтып, оны көбірек алуға үгіттеген. Ер адам ақыры спортзал абонементтеріне 130 мың юань (18 мың доллар) жұмсаған. Кейін оны Ranyan Fitness менеджерімен таныстырып, бизнес қабілетін мақтап, одан да тиімді инвестиция ұсынған.
"10 мамырдан 9 шілдеге дейін мен Ranyan Fitness-тен шамамен 1200 абонемент пен 300 жылдық жазылым сатып алдым, барлығы 871 273,27 юань жұмсадым", — дейді Цзин.
Қолында 26 келісімшарт бар, онда "мүшелік құқықтары басқа тұлғаға берілмейді" деп анық жазылған.
Шілде ортасында ақшасын қайтару уақыты келгенде, сатушы, менеджер және фитнес-клуб иесі жоқ болып кеткен, телефондарын өшірген. Ақыры Цзин 300 жылдық абонемент пен 1200 жеке сабаққа "иелік етіп" қалды.
Ол алданғанын түсінген соң, Ханчжоу полициясына жүгініп, инвестициясының бір бөлігін қайтару үшін сотқа талап арыз берген. Алайда заңгерлер бұл істің оңай болмайтынын, өйткені алаяқтар із-түзсіз жоғалып, ал келісімшартта мүшелік құқықтарын үшінші тұлғаға беру мүмкіндігі жоқ екені жазылғанын ескерткен.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз