Газаға қатысты бейбіт жоспардың екінші кезеңі басталды – Трамп
ХАМАС келісімнің бірінші кезеңінде тірі қалған барлық тұтқынды босатты. АҚШ президенті Дональд Трамп Газа сек ...
Он мыңдаған адам Тель-Авив пен Израильдің басқа да қалаларында үкіметтің Газаны басып алу операциясын бастау туралы шешіміне қарсы наразылыққа шықты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі The Times of Israel-ге сілтеме жасап .
Тель-Авивте акцияға 100 мыңнан аса адам қатысқан. Митингілер Иерусалим, Кирьят-Гат сияқты бірқатар қалада өтті.
Наразылар қақтығысты дереу тоқтатуды және Газада әлі ұсталып отырған шамамен 50 адамды босату үшін ХАМАС-пен келісім жасауды талап етті. Қатысушылар Израиль жалауларын, тұтқындардың суреттерін және үкіметті қатаң сынайтын плакаттар ұстап шықты.
Белсенділердің айтуынша, әскери басшылықтың ескертуіне қарамастан қабылданған Газаны басып алу шешімі тұтқындардың өміріне қауіп төндіреді, гуманитарлық дағдарысты күшейтеді және қақтығысты тереңдете түседі. Сауалнама деректері бойынша, израильдіктердің басым бөлігі дереу бітімге келуді және тұтқындармен алмасуды қолдайды.
Израильдің қауіпсіздік кабинеті Газаны бақылауға алу жоспарын мақұлдады, бұл әскери операцияның жалғасатынын білдіреді. Бұл шешім ел ішінде де, шетелде де өткір сынға ұшырады: Сауд Арабиясы СІМ Израильді бейбіт тұрғындарға қарсы қылмыс жасады деп айыптады, ал БАӘ Қорғаныс министрлігі "ауыр салдар" мен гуманитарлық дағдарыстың күшеюі туралы ескертті.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
ХАМАС келісімнің бірінші кезеңінде тірі қалған барлық тұтқынды босатты. АҚШ президенті Дональд Трамп Газа сек ...
Газа секторына Израиль түрмелерінен босатылған палестиналықтар тобы оралды. Оларды қарсы алу үшін көшелерг ...
Желіде бейнежазба тарады. Израиль Қорғаныс армиясының зымыранмен жасаған соққысы салдарынан Газа қаласының б ...