АҚШ Н.Мадуроны «лаңкес» деп жарияламақ
АҚШ Венесуэла президенті Николас Мадуроны лаңкес деп жариялауы мүмкін. Құрама Штаттардың мемлекеттік департ ...
Ресей Федерациясы президентінің көмекшісі Юрий Ушаков президенттер Владимир Путин мен Дональд Трамптың Аляскадағы кездесуіне дайындық жұмыстары аяқталғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.
"Путин мен Трамптың кездесуінің басты тақырыбы — Украина дағдарысын реттеу", — деп жазылған ақпаратта.
Оның айтуынша, бұл үшін олардың кездесу бағдарламасы келісілген. Ресей Федерациясы мен АҚШ президенттері алдымен тет-а-тет кездесуін, содан кейін делегациялардың қатысуымен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.
"Путин мен Трамптың кездесуі Аляскадағы Анкориджде жергілікті уақыт бойынша 11:30-да (16 тамызда Астана уақыты бойынша сағат 00:30-да) басталады", — деді Ушаков.
Келіссөздерге Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров, Қорғаныс министрлігінің басшысы Андрей Белоусов, қаржы министрі Антон Силуанов қатысады.
Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің Аляскадағы келіссөзі 15 тамызға жоспарланған болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
АҚШ Венесуэла президенті Николас Мадуроны лаңкес деп жариялауы мүмкін. Құрама Штаттардың мемлекеттік департ ...
" Сырым " ветеринариялық бақылау бекетінде Самара облысынан (РФ) Қызылорда облысына бағыт алған жүк көлігі тоқта ...
Конгресс ұзақ уақыт бойы бір мәмілеге келе алмады . АҚШ сенаторлары шатдаунды аяқтауға бағытталған екі партия ...