Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?
2025 жылы 13 202 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикағ ...
18 тамыз – ел тыныштығы үшін күні-түні қызметте тұрған Шекарашылар күні. Мереке қарсаңында дәл қазір Астанада концерт өтіп жатыр. «Жетісу» саябағындағы шарадан әріптесім Жанел Нұрболатқызы тікелей эфирге қосылуға дайын .
Жанел Нұрболатқызы, тілші:
Еліміздегі ең қырағы қызметтің кәсіби мерекесін астаналықтар бүгін екінші күн қатарынан мерекелеп жатыр. Кеше концерт Ханшатырда өтсе, енді ашық аспан астында Жетісу саябағында басталды. Мұнда отансүйгіштікке шақыратын туындылардан бастап дәстүрлі әндер, жастар арасында кеңінен танымал шығармалар да орындалады. Өнерпаздардың астаналықтарға тағы қандай тартуы бар? Ұйымдастырушылардан сұрап білейік.
Әліби Пернеханұлы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің құрмет қарауылы ротасының әскери қызметшісі:
Биыл Қазақстанның шекара қызметінің құрылғанына 33 жыл толады. Күн сайын 10 мыңға жуық әскери қызметкер кезекшілікке шығып, ел тыныштығын күзетеді. Бүгінгі концертті тамашалауға осы жауапты қызметті атқарып жүрген сарбаздар да келген.
Құрметті астаналықтар, сіздер де концертке келіңіздер. Әлі екі сағат болады. Ал бүгін үлгермей қалсаңыздар, ертең 16:00-де Жастар сарайында гала-концерт өтеді. Онда да дәстүрлі әншілер, эстрада жұлдыздары өнер көрсетпек.
Жанел Нұрболатқызы
2025 жылы 13 202 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикағ ...
«Қазақстандық қоғамдық даму институты» Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «SARAP» эксперттік клу ...
Республика күні қарсаңында Астанада "Әділетті Қазақстан: азаматтық қоғам мен мемлекеттің серіктестігі " ұраныме ...