Ұлытау облысында жедел басқару орталығы ашылды
Әмбебап кешен өңірдегі 4 мыңға жуық бейнебақылау камерасын тәулік бойы қадағалайды. Бақылау құралдары көшел ...
Семейде заңсыз жолмен таралған 4 миллионнан астам темекі қорабы жойылды, деп хабарлайды 24kz.
Контрафактілі тауарды өртеу шарасын Экономикалық тергеу департаменті мен облыс әкімдігі ұйымдастырды. Мамандардың айтуынша, көлеңкелі айналымнан алынған бұл өнімнің заңсыз сатылымы мемлекетке шамамен 1,5 миллиард теңгеге жуық кіріс әкелуі мүмкін еді. Сонымен қатар тексерілмеген әрі сапасыз темекі өнімдері халықтың денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіретіні айтылды
Олжас Бейсенбаев, Жастар саясаты жөніндегі мәселелер басқармасының басшысы:
- Көлеңкелі экономика, заңсыз айналымдағы бұндай дүниелер біздің экономикамызға тек залалын келтірмейді. Бұл жастардың денсаулығына, салауатты өмір салтына қайшы түсінік деп ойлаймыз. Бұған қоса, Президенттің көтеріп отырған «Заң мен тәртіп» қағидатына қарама қайшы келеді.
Әмбебап кешен өңірдегі 4 мыңға жуық бейнебақылау камерасын тәулік бойы қадағалайды. Бақылау құралдары көшел ...
16 желтоқсан күні Семей қаласында болған қайғылы оқиға туралы мәліметтер белгілі болды. Абай облысының жедел ж ...
Үш жыл бұрын жазасын өтеушілерден шамамен 800 шағым түскен болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 165-ке дейін төмен ...