Қазақстанда әлеуметтік көмек алушыларды тексеру күшейеді
Қазақстанда әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды алу тетігі қайта қаралып, көмек алушыларды тексеру күшейтіледі, д ...
Жетісулықтар «Таза Қазақстан» бағдарламасын «Асар» дәстүрімен ұштастыра білді. Бүгін Мұқыры елді мекенінде «Ауылдағы асар» экологиялық акциясы өтті. Жастар мен еріктілерді және жергілікті тұрғындарды қоса алғанда 60-тан астам адам ауыл маңын күл-қоқыстан тазартты. Сонымен қатар экологтар акцияға қатысушыларға қоршаған ортаны қорғаудың маңызын түсіндірді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Ауылдағы асар» эко акциясы – тек тазалық жұмыстары ғана емес, ауылдағы ынтымақ пен бірлікті нығайтуға бағытталған игі шара.
Айла Болат, «Қазақстан студенттерінің альянсы» Жетісу облысы филиалының белсендісі:
Біз Қазақстандағы қоқыспен күресіп жатырмыз. Апта сайын осындай экологиялық акцияларға шығып еліміздің экологиясына аз да болса үлесімізді тигізіп жатырмыз. Тазалықты әркім өзінен бастау керек. Біз тек айналаны тазартпаймыз, жан тазалығымен де айналысамыз.
Дамир Нұрмұхамет
Қазақстанда әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды алу тетігі қайта қаралып, көмек алушыларды тексеру күшейтіледі, д ...
Санжар Тәтібеков, «Talap» коммерциялық емес АҚ президенті ...
Еліміздегі барлық сала цифрланып келе жатқан қазіргі жағдайда мамандарды қайта даярлау ерекше маңызды болып отыр. Әс ...