Мүгедектердің құқығы қорғалып, лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Бұл туралы Ақмола облысы прокуратурасының ресми сайты жазды. Сандықтау ауданының прокуратурасы мүгедектігі бар адам ...
Семей қаласында тәртіп сақшылары түнде көшеде ересектерсіз жүрген 148 баланы анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасының үш күнінде 1100-ден астам адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.
— Осы аралықта 37 қылмыс тіркеліп, 1107 адам қоғамдық орында ішімдік ішу, мас күйде көлік басқару сынды құқық бұзу жасады. Заң талаптарын сақтамағандар арасында жасөспірімдер де бар. Шара барысында жаңа оқу жылының басталуына байланысты балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Мектеп маңындағы жолдардың жай-күйі де тексеріліп жатыр, — делінген ақпаратта.
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу үшін полиция қызметкерлері ойын-сауық орындарын да қадағалап келеді.
— Жыл басынан бері түнгі уақытта көшеде ересектерсіз жүрген 148 бала анықталған. Сондай-ақ ата-аналық міндетін дұрыс атқармағаны үшін 452 адам жауапқа тартылып, 15 адам ата-аналық құқығынан айырылды, — делінген хабарламада.
Бұл туралы Ақмола облысы прокуратурасының ресми сайты жазды. Сандықтау ауданының прокуратурасы мүгедектігі бар адам ...
16 желтоқсан күні Семей қаласында болған қайғылы оқиға туралы мәліметтер белгілі болды. Абай облысының жедел ж ...
Абай облысында кондуктор кәмелетке толмаған жолаушыны автобустан түсіргені үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы ...