Қызылордада жаңа қойылған қоқыс контейнерлері 3 айға жетпей қирап қалды
Қызылорда қаласында орнатылған жаңа қоқыс контейнерлері бар-жоғы үш айдың ішінде жарамсыз күйге түскені жұртты ...
Көкшетауда аялдамаларды жаңартып жатқанымен, қала шетіндегі көрініс мүлдем басқа. Кирпич зауыты маңындағы аялдама жылдар бойы жөндеу көрмей, қазір қаңырап, қоқыс алаңына айналған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жергілікті тұрғындар қоғамдық көлікті үйінді қоқыс, сасық иіс пен шашылған қалдықтар арасында күтуге мәжбүр.
«Орталықтағы көшелерге ғана көңіл бөлінеді, ал шеттегі халық адам орнына саналмай ма?», – деп ренжиді олар.
Әлеуметтік желіде де қызу талқыланып жатыр. Бірі «жаңа салуды күтпей-ақ, барын жөндеп, сырлап, орындық қойыңдар» десе, енді бірі «жергілікті халықтың өзі ластап отыр, тазалық бәрінен бұрын тұрғындардың қолында» деп ашынып жазған.
Қоғамдық пікір екіге бөлінгенімен, бір нәрсе анық: Көкшетаудың шет аймақтарындағы аялдамаларға коммуналдық қызметтердің назары ауа қойған жоқ. Ал тұрғындар қарапайым жағдай – тәртіп пен тазалықты талап етіп отыр.
Қызылорда қаласында орнатылған жаңа қоқыс контейнерлері бар-жоғы үш айдың ішінде жарамсыз күйге түскені жұртты ...
Ақмола облысында мыңға жуық бала аутизм дертіне шалдыққан. Өкініштісі сол, статистика жыл сайын өсіп барады. ...
Көкшетауда полиция қызметкері ер адамның өмірін құтқарып қалды, деп жазады inbusiness.kz сайты. Қалалық полиц ...