Әлемдегі ең ірі банктің бірі Ресейден кетеді
Қаржы ұйымы Ресейдегі соңғы активтерін сатып жатыр. Citigroup америкалық банк конгломераты Ресейдегі соңғы бизнесі ...
АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында шымылдығы түрілген жүлде қоры 9 693 540 долларды құрайтын аса ірі халықаралық турнирде өнер көрсеткен Қазақстанның төрт теннисшісінің үшеуі алғашқы айналымнан аса алмады.
Тұсаукесер кездесулерінде Александр Бублик (АТР №82) жапониялық Юсуке Ватунакиге (АТР № 349) және Александр Шевченко (АТР № 98) аустралиялық Ринки Хиджикатаға (АТР № 83) есе жіберді. Қос қызымыз жарысты екінші кезеңнен бастады. Юлия Путинцева (WTA № 20) чехиялық Катерина Синяковаға (WTA № 59) жарытып қарсылық көрсете алмады – 2:6, 2:6.
Елена Рыбакина (WTA № 7) әу баста франциялық Сюзан Ламменске (WTA № 64) сан соқтырды – 6:3, 6:3. Одан кейін ұлыбританиялық Кэт Бултермен (WTA № 38) кездесті. Бұл бәсекеде де Рыбакина өз қарсыласынан басым түсті. 1 сағат 16 минутқа созылған сайыс 6:0, 7:5 есебімен аяқталды. 1/8 финалда ол әлемнің 11-ракеткасы, ресейлік Мирра Андреевамен күш сынасады. Еліміздің ең үздік теннисшісі дәл осы ойыншымен осыдан үш апта бұрын Дубайдағы доданың жартылай финалында шеберлік байқасты. Ол кездесуде Андрееваның асығы алшысынан түскен еді. Бұл жолы да Рыбакинаның 17 жасар қарсыласына әлі жетпеді – 1:6, 2:6.
Индиан-Уэллстегі турнирдің алғашқы айналымдарында тосын нәтижелер де тіркелді. Ең басты сенсация – Сербияның даңқты теннисшісі Новак Джокович ойда-жоқта АТР тізімінде 85 орында тұрған Нидерландтың өкілі Ботик ван де Зандсхулптен 2:6, 6:3, 1:6 есебімен ұтылды. Сондай-ақ, 2021 жылғы US Open додасының жеңімпазы, ұлыбританиялық Эмма Радукану жапониялық Моюка Учижимадан жеңілді – 3:6, 2:6. Әлемнің екінші ракеткасы, германиялық Александр Зверев Қызғалдақтар елінің тағы бір ойыншысы Таллон Грикспурге жол берді – 6:4, 6:7, 6:7.
Қаржы ұйымы Ресейдегі соңғы активтерін сатып жатыр. Citigroup америкалық банк конгломераты Ресейдегі соңғы бизнесі ...
АҚШ бірпартиялы мемлекетке айналуы мүмкін. Бұл туралы кәсіпкер Илон Маск X желісіндегі парақшасында жазды, ...
АҚШ-тағы жаңа жылдық мерекелік бөлшек сауда көлемі биыл алғаш рет 1 трлн долларға жеткелі тұр. Аталған сала ...