Президент Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заңға қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Коде ...
Кездесуде Мемлекет басшысы Ұйымның Қазақстан шахмат федерациясына, жаттықтырушылар мен жас спортшыларға көрсеткен қолдауын жоғары бағалады, деп хабарлайды Ақорда.
Президент елімізде шахмат спорт түрі ғана емес, зияткерлік мәдениеттің, тәрбие мен білімнің маңызды бөлігі саналатынын атап өтті.
Мемлекет басшысы балалар мен жастар арасында шахматқа қызығушылықтың артып келе жатқанына назар аударды. Президенттің айтуынша, білім беру жүйесінде шахмат инфрақұрылымын дамытуға және ілгерілетуге баса мән беріліп отыр.
Әңгімелесу барысында ұлттық федерацияның Ұйыммен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, соның ішінде ірі халықаралық жарыстар өткізу мен бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері пысықталды.
Аркадий Дворкович Қазақстанда қабылданған шахматты дамытуға арналған Кешенді жоспардың маңызы туралы айтты. Аталған құжат мемлекет, бизнес және ұлттық федерацияның бірлесіп жұмыс істеуіне жол ашады. Сондай-ақ былтыр қазақстандық шахматшылар FIDE аясында өткен барлық жарыстан ең көп медаль жинағанына назар аударды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворковичті Қазақстандағы шахматты өркендетуге қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Коде ...
Президент тиісті Жарлыққа қол қойды. Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағы ресми түрде берілді. Бұл туралы М ...
Мемлекет басшысы озық шешімдерді мемлекеттік басқару саласына енгізуде Жапония тәжірибесіне назар аударуға шақырды. ...