Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?
2025 жылы 13 202 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикағ ...
0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Өскемен қаласының ауасына мониторинг жасаудың бірыңғай жүйесі құрылады. Өйткені биыл қыс түскелі қалада екі күннің бірінде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып отыр. Сондықтан өткен желтоқсан айында «Өскемен Тынысы» деген экологиялық қоғамдық қорғау бюросы құрылған. Бірақ шаһардағы кейбір өндірістер экологтарды өз аумақтарына кіргізбейді. Зауыт аумағындағы ауаға өлшеу жүргізуге құлықты емес.
Ал қазір қаладағы 22 кәсіпорын автоматты бақылау жүйесін орнатып, экология департаменті қызметкерлерін кедергісіз кіруін қамтамасыз етуі тиіс. «Қазгидромет» орталығының бұрын орнатылған ауа датчиктерін ауыстырып, оларды бірыңғай мониторинг жүйесіне біріктіру қажет. Сонда қаланың қай аумағында ауада зиянды металдың қай түрі көп шоғырланғанын анықтауға болады.
Дәулет Асанов, эколог:
Мониторинг жүйесін осы үлкен кәсіпорындардың жанына қойып,егерде ауа тым күрт ластанып жатса,онда мысалы үшін “Қазгидромет” пен экология департаменті арнайы хаттама жазып береді. Міне мына жер ластанып жатыр деп.Сол хаттаманың негізінде тексеріс ашып ішіне кіріп тексеретіндей. Оны да механим, жұмыс ретінде енгізу керек.
Олжас Керейхан
2025 жылы 13 202 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикағ ...
«Қазақстандық қоғамдық даму институты» Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «SARAP» эксперттік клу ...
Республика күні қарсаңында Астанада "Әділетті Қазақстан: азаматтық қоғам мен мемлекеттің серіктестігі " ұраныме ...