Қалихан Ысқақтың 90 жылдығына арналған ақындар айтысы өтті
«Қарасөздің қарагері – Қалихан». Дәл осындай атаумен Өр Алтайтың төрінде республикалық ақындар айтысы өтті. «AMANA ...
90 жыл бұрын (1935-2014) прозашы, драматург, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Жамбыл атындағы Халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты Қалихан Ысқақ дүниеге келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның шығармаларындағы құнарлы тіл, көркем сурет, тегеурінді қуат, адам психологиясы мен портреті оқырман жанын еріксіз баурап алады. Әдебиет саласындағы ерен еңбегі нәтижесінде қаламгердің прозалық мектебі қалыптасты.
Оның «Дос хикаясы», «Менің ағаларым», «Бұқтырма сарыны», «Күреңсе», «Қоңыр күз еді» повестер жинағы, «Березовая роща», «Кедры высокие» жинақтары, «Тұйық», «Қара орман», «Ақсу – Жер жаннаты» романдары, сондай-ақ «Жарық дүние», «Қазақтар» пьесалар жинағы жарық көрген.
«Ақсу – Жер жаннаты» романы үшін 1992 жылы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
Бүкілодақтық экранға шыққан бірнеше толықметражды фильмдердің («Ұшы-қиырсыз жол», «Саршатамыз», «Охран бастығы», «Қараша қаздар қайтқанда») сценарийін жазған. Шығармалары өзбек, қырғыз, тәжік, татар, башқұрт, шешен, орыс, украин, словак, болгар тілдерінде жарық көрген. Екі томдық таңдамалылары 1997 жылы оқырман қолына тиді.
Аударма саласында Л.Толстойдың, А.Чеховтың, И.Тургеневтің, А.Куприннің, И.Буниннің шығармаларын қазақ тіліне тәржімалады. Нобель сыйлығының лауреаттары болған жеті драматургтің пьесаларын қазақшалаған.
«Қарасөздің қарагері – Қалихан». Дәл осындай атаумен Өр Алтайтың төрінде республикалық ақындар айтысы өтті. «AMANA ...