• 21-03-2025

Ақтауда шенеуніктер бір киіз үйді 7 млн теңгеден сатып алмақ болған

Ақтауда шенеуніктер бір киіз үйді 7 миллион теңгеден сатып алмақ болған. Олар 12 киіз үйге тапсырыс бермек болыпты. Алайда шенділердің бұл ретте жолы болмады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі " Астана " телеарнасына сілтеме жасап.

Алдымен әлеуметтік желіде мемлекеттік сатып алулар сайтынан алынған бұл дерек жылдам тарап, қоғамның наразылығын туғызды.

"12 киіз үйге әкімдік қызметкерлері 81 млн теңге жұмсамақ болған", — деп жазылған ақпаратта.

Қадағалау органының қызметкерлері жеке зерттеу жүргізіп, мұндай тауарды 6 млн 750 мың теңгеге емес, 1,5 — 2 миллион теңгеден де сатып алуға болатынын анықтады.

"Біздің ұсынысымызды қарау үшін әкімдік қызметкерлеріне бір ай уақыт берілді, осы мерзім өткеннен кейін олар бізге киіз үй бағасын анықтаған адамға қандай шаралар қабылдағаны туралы жазбаша жауап беруге міндетті. Іс-әрекет тәртіптік комиссияда қаралады. Былайша айтқанда, қызметкерге қандай жаза тағайындалатынын қала басшылығы шешеді", — деді Ақтау қалалық прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің прокуроры Альберт Есмұрзаев.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!