Құлсары маңында су тасқынына қарсы 4700 қап дайындалды
ТЖМ әскери қызметшілері Атырау облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат аген ...
Атырау облысында 16 мектеп пен екі қосымша ғимараттың құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Оның 9-ы ауылдық жерде. Өңірдегі үш ауысымды және апатты мектептердің мәселесін шешу үшін алдағы 3 жылда 28 білім ошағы салынады.
Жалпы биыл елде 500 мың оқушыға арналған 200-ден аса мектеп салынады. Мемлекет басшысы Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда осылай деді.
Қалаға жақын Тасқала елді мекеніндегі мектепте 1450 бала үш ауысыммен оқиды. 420 оқушыға арналған білім ошағында бар-жоғы 20 кабинет. Мектеп алды даярлық тобынан бастап жоғары сынып оқушылары осында білім алып жатыр. Елді мекенге жақын орналасқан Водников ықшам ауданынан былтыр жаңа мектеп пайдалануға берілді. Бірақ ол да мәселені шеше алмады. Оқушыларға қашық болғаннан кейін кейбір ата-ана баласын осында қалдырған.
Майра Разиева, Тауман Амандосов атындағы мектептің директоры:
- Мұнда негізінен Тасқала-1, Тасқала-2, Тасқала-3, Алғабас, тіпті Водниктің де оқушылары оқиды. Қазіргі таңда негізі 2 салынды ғой. Соның біреуі ашылды Водникте. Ол мектепке бізден 100 оқушы кеткен болса, оның 20-сы қайтып келді. Себебі ол тиімді болмады біздің оқушылар үшін, ата-аналар үшін. Себебі автобус тасымалы болмады.
Қазір Тасқала-2 ықшам ауданынан 600 орындық жаңа білім ошағы бой көтеріп жатыр. «Мектепті биылғы оқу жылына пайдалануға береміз», - дейді мердігер мекеме. Құрылыстың 60%-і аяқталды. Заманауи мектеп барлық құрал-жабдықпен қамтылады.
Аян Халиуллин, мердігер мекеме өкілі:
- Бейнекамералармен жабдықталады осы мектеп. Бұл мектептің ешқандай кемшілігі жоқ мына жайлы мектептерден. Мына фасадтың бәрін біздің заманауи материалдармен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл мектептің ішінде 2 спорт зал болады. Біреуі бастауыш сыныптарға, біреуі үлкен сыныптарға.
Биыл өңірде 16 мектеп пен 2 қосымша ғимараттың құрылысы жүріп жатыр. Білім басқармасының мәліметінше, алдағы үш жылда 28 білім ошағы салынады. Сондай-ақ реновация бағдарламасы аясында жаңғыртылатын мектептер де бар.
Аида Базылова, облыстық білім басқармасы бөлімінің бас маманы:
- Реновация жұмыстары бар бізде. 97 мектеп Атырау облысы бойынша үш жылда, 2025, 2026, 2027 жылдары. 2025 жылы бізде 9 мектеп тұр жоспар бойынша. 2026 жылы 43 мектеп. Сосын 2027 жылы 45 мектеп. Бұйырса, солардың бәрін жұзеге асырамыз деп отырмыз.
Бұған қоса, биыл ауылдық жердегі 25 мектепті жаңарту жоспарланған. Қазір өңірде апатты жағдайдағы 7 мектеп, ал үш ауысымда оқитын 9 білім ошағы бар.
Авторлары: Асланбек Шығыр, Амантай Мәтенов, Жандос Рахметуллин