Атырауда жантүршігерлік жол апаты: Бір адам қаза тапты (ВИДЕО)
Атырау облысында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Ақтөбе- Атыра ...
Көпқабатты үй ауласында ойнап жүрген баланы түйе таптап, зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиғаның 26 қазанда Құлсарыдағы 3-ықшамауданда болғанын хабарлаған Жылыой ауданы әкімдігінің мәліметінше қазіргі уақытта зардап шеккен бала травматология бөлімінде ем алып жатыр.
Ветеринариялық инспекциядан мәлім болғандай түйенің құлағындағы сырға Маңғыстау облысына тиесілі, алайда жануар дерекқорда тіркелмеген екен.
«Мамандардың айтуынша түйеден ауру белгілері анықталмаған, жануар арнайы оқшауланған алаңға қамалды. Ал түйенің иесін анықтау жұмыстары көрші өңір мамандарымен бірлесіп жүргізіліп жатыр», деп қорытындылады жергілікті атқарушы орган.
Оқиға туралы видео 29 қазанда тараған.
Атырау облысында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Ақтөбе- Атыра ...
Ота кезінде асқазан қуысынан шыққан магниттің ұзындығы шамамен 0,5 сантиметр. Ата-анасының айтуынша, ол ойнап жүріп ...
Алматыда пойыздағы түсірілім кезінде ондаған адам газдан уланып қалды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы ...