Германияда зейнет жасын ұлғайту ұсынылды
Бұған бірнеше себеп бар. Германияда билік коалициясының құрамына кіретін Христиан-демократиялық одақ (ХДС) жанындағ ...
Германияда Маңғыстау облысының туристік әлеуеті таныстырылды, деп хабарлайды 24kz.
Әлемге «ITB Berlin» атауымен танымал дәстүрлі халықаралық көрме биыл 4-6 наурыз аралығында өтіп жатыр. Жыл сайын бұл шараға 180 мемлекеттен 10 мыңнан астам адам қатысады. Сонымен қатар биылғы көрмені 160 мың адам онлайн тамашалайды. Халықаралық шарада Маңғыстаудың әйгілі жерасты мешіттері, Бозжыра, Шерқала сынды бірегей туристік нысандары таныстырылды. Қазақстандық және түрік компаниялары арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас хатшысы Джулия Симпсон мен БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас хатшысы Зураб Пололикашвили қазақтың ұлттық ас-сусындарынан дәм татып, елдің қонақжайлылығы мен бай мәдениетін жоғары бағалады.
Бекер Караяр, туристік агенттік өкілі (Германия):
- Біз Қазақстанға тур жасаймыз. Құдай қаласа, Маңғыстауға да жасағымыз келеді. Өзім түркілікпін. Қазақ тіліне, Қазақстанға ғашықпын. Сол үшін Маңғыстауды да адамдарға көрсеткім келеді. Құдай қаласа, келесі жылдан бастап Маңғыстауға да Германиядан турлар жасаймыз. Маңғыстаудың табиғатын, жерасты мешіттерін көрсеткіміз келеді туристерге.
Бұған бірнеше себеп бар. Германияда билік коалициясының құрамына кіретін Христиан-демократиялық одақ (ХДС) жанындағ ...
Елдің Сыртқы істер министрлігі осындай үндеу жасады. Ресейдің Сыртқы істер министрлігі ресейліктерге Германияға ба ...
Биыл өңірде 1300 шақырым жол жөнделген. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жергілікті туризм ұалай дамып жатқ ...