Қазақстанда әлеуметтік көмек алушыларды тексеру күшейеді
Қазақстанда әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды алу тетігі қайта қаралып, көмек алушыларды тексеру күшейтіледі, д ...
0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Қазақстандық блогерлерге әлеуметтік желіде лотерея ойнатқаны үшін 8 млн теңге айыппұл салынатыны ескертіледі. Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, мәжіліс депутаты Ерлан Сайыровтың сауалына осылай жауап берді. Депутат заңсыз лотерея ойнату жиілеп кеткеніне шағымданған болатын. Министрдің айтуынша, бүгінде халық пен блогерлерге заң талаптарын түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Интернет кеңістік тәулік бойы бақылауға алынған. Жыл басынан бері 1870 интернет-алаяқтық фактісі анықталыпты. Онлайн казино қызметі бойынша 8616 жағдай әшкереленіп, әлеуметтік желідегі 6 мыңнан астам парақша және 2 мыңнан астам интернет-ресурстар мен сілтеме бұғатталған. Шенеунік «заңсыз ұтыс ойындарын жарнамалаған инфлюенсерлерге 8 млн тенгеге дейін айыппұл салынып, кірісі тәркіленетінін» ескертті. Айта кетейік, өткен жылы 113 адам жауапкершілікке тартылып, 50 млн тг айыппұл арқалаған.
Динара Жарқынбек
Қазақстанда әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды алу тетігі қайта қаралып, көмек алушыларды тексеру күшейтіледі, д ...
Санжар Тәтібеков, «Talap» коммерциялық емес АҚ президенті ...
Еліміздегі барлық сала цифрланып келе жатқан қазіргі жағдайда мамандарды қайта даярлау ерекше маңызды болып отыр. Әс ...