Ұлттық ұланда дрон операторларын даярлау курсы іске қосылды
Әскерге шақырудың кезекті науқаны аясында ІІМ Ұлттық ұланы мерзімді әскери қызметшілерді даярлау бойынша маңызды қад ...
Оралдық сарбаздар жоғары оқу орындарының грантына ие болды, деп хабарлайды 24kz.
Білім сертификаттарын Қорғаныс министрлігінің өкілдері салтанатты жағдайда табыстады. Жастарға елдегі 80 университеттің бірін таңдау мүмкіндігі берілген. Жалпы соңғы екі жылда аталған бөлімнен байқауға 400-ге жуық сарбаз қатысып, 38-і білім грантына ие болды.
«Бұл өскелең ұрпақтың әскери қызметке құштарлығын арттырып, азаматтық борышын адал атқаруға ынталандырады», — дейді мамандар.
Бақберген Исақ, №5517 әскери бөлімінің бөлімше бастығының аға көмекшісі:
- Бағалау критерийіне келетін болсақ, сарбаздар бір жыл көлемінде ай сайын жауынгерлік дайындық сабағынан сынақтар тапсырады. Соның бағалары негізінде жоғары бағаға ие болса, сонымен қатар психологиялық даярлығы және жеке тәртібіне байланысты болады. Қорытындылай келе, жыл соңында қорытынды сынақтар болады. 80-нен астам жоғары оқу орындарына сертификаттар табысталды.
Ғалымжан Көшер, Ұлттық ұлан сарбазы:
- Мен Астана қаласындағы IT университетін таңдадым. Оны таңдаған себебім, бала кезімнен әскерге келмей жатып, компьютерге және де осындай ақпараттандыру және де информатика сияқты нәрселерге қызығатынмын.
Әскерге шақырудың кезекті науқаны аясында ІІМ Ұлттық ұланы мерзімді әскери қызметшілерді даярлау бойынша маңызды қад ...
Баспасөз турын ұйымдастырушылар "Smart военкомат" жобасын енгізу азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттырғанын, әкі ...
Оралда бүгін түстен кейін жауған нөсерден кейін қала көшелері қайтадан су астында қалды , деп хабарлайды Sk ...