Ұлттық ұланда дрон операторларын даярлау курсы іске қосылды
Әскерге шақырудың кезекті науқаны аясында ІІМ Ұлттық ұланы мерзімді әскери қызметшілерді даярлау бойынша маңызды қад ...
Құқықтық тәртіп әскерінде асыл тұқымды қызметтік иттердің саны артуда.
Биылдың өзінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланның 6654 әскери бөліміндегі кинология орталығында асыл тұқымды 42 күшік дүниеге келді. Олардың ішінде бельгиялық, голландық және неміс овчаркалары бар.
Бұл күшіктер ел тыныштығын күзетету мақсатында жауынгерлік қызметке үйретілетін болады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жыл басынан бері асыл тұқымды 12 күшік өзге әскери бөлімдерді толықтыруға жөнелтілді. Қазіргі уақытта кинология орталығында 30-ға жуық күшік өмір сүруде.
– Алғашқы 45 күнде күшіктер енесінің сүтімен қоректенеді, кейін құрғақ азыққа көшіріледі. Одан соң оларды қоршаған ортаға бейімдеу жұмысы жүргізіледі. Үш ай толғанда түрлі кедергілер алаңына шығарылады. Бұл кезде олардың есту дағдысын дамыту маңызды, сондықтан әрқайсына есім беріледі. Кейін “отыр”, “тұр”, “жат” секілді пәрмендер үйретіледі. Бұдан кейін тапсырмалар күрделеніп, иіс арқылы зат іздеу кезеңіне өтеді, – деді кинология орталығының офицері майор Жантөре Мендиоразов.
Бүгінде Ұлттық ұлан қатарында мыңға жуық қызметтік ит бар. Тек биылғы 10 айда олардың көмегімен 120-дан астам құқықбұзушылық анықталған. Ал кинология орталығында өсіп жатқан қызметтік иттердің жаңа буыны сол тәжірибені жалғастырмақ.
Айта кетейік, күшіктерді күтіп-баптау ҚР ІІМ Ұлттық ұланында тұқымды асылдандыру жұмысын ұйымдастыру жөніндегі басшылық бұйрық негізінде жүзеге асырылады.
Әскерге шақырудың кезекті науқаны аясында ІІМ Ұлттық ұланы мерзімді әскери қызметшілерді даярлау бойынша маңызды қад ...
Калифорния губернаторы Гэвин Ньюсом президент Дональд Трамптан Лос-Анджелестен Ұлттық ұлан әскерін алып кет ...
Ақтауда Ұлттық ұлан қатарында әскери борышын өтеген 200 әскери қызметшіні запасқа шығару рәсімі өтті, деп хабарлайды El. ...