Шымкент әуежайында екінші ұшу-қону жолағының құрылысы басталады
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда әуехабтар дамып жатыр. Шымкенттің әуежайын толыққанды муль ...
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев мерекелік құттықтау сөзінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қымбатты ханымдар, Сіздер, әлемге әдемілік пен үйлесім, шаңыраққа жылылық пен жайлылық сыйлап келесіздер. Сіздерге өскелең ұрпақты тәрбиелеу, отбасылық құндылықтарды ілгерілету секілді айрықша жауапкершілік жүктелген. Барлық салада адал еңбек етіп, табанды да тиімді жұмыстарыңызбен мемлекетіміздің әлеуеті мен беделін нығайтып жүрсіздер. Аналары алаңсыз қоғамда балалар да бақытты өмір сүреді. Ана мен баланың жағдайы дұрыс болса, әлеуметтің жағдайы да дұрыс болады. Сондықтан болашағын ойлаған ел, ең алдымен, әйелдердің жағдайын жақсартуды ойлайды», деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы мемлекеттің әйелдерді барынша қорғауға және жан-жақты қолдауға баса мән беретінін атап өтті.
«Мемлекетіміз әйелдерді барынша қорғауға және жан-жақты қолдауға баса мән береді. Осы бағытта нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Менің тапсырмаммен отбасы институтын нығайтуды көздейтін маңызды шаралар қабылданды. Барлық аймақта қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсететін орталықтар ашылып жатыр. Көп балалы аналарды қолдаудың ұлттық моделі қалыптасты. Соның арқасында жыл өткен сайын көп балалы отбасылардың саны артып келеді», деді Президент.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда әуехабтар дамып жатыр. Шымкенттің әуежайын толыққанды муль ...
Қос мемлекет географиялық тұрғыдан оңтайлы орналасқан. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан – Бол ...
Тараптар бүгінде стратегиялық сауда жолының біріне айналған Транскаспий халықаралық көлік дәлізі жобасына Болг ...