Қазақстанда әлеуметтік көмек алушыларды тексеру күшейеді
Қазақстанда әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды алу тетігі қайта қаралып, көмек алушыларды тексеру күшейтіледі, д ...
Ақтөбеліктер бірнеше жылдан бері шаһарды жайлаған жағымсыз иіске шағымданып келді . Бұған дейін мамандар қанша тырысқанымен ол иістің қайдан шығып жатқанын анықтай алмаған еді.
Табиғатты қорғау прокуратурасы, облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау Департаментінің мамандары мен экологтар қаланы түгел аралап, зертханалық жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде жағымсыз иістің ошағы қала шетінде орналасқан шаруашылықтардың бірі деген қорытындыға келді. Серіктестік құс фабрикасынан көп көлемде тауық саңғырығын алып, органикалық тыңайтқыш ретінде 120 гектар жерге қолданған. Шаруа қожалығының басшысына бұл аумақты пайдаланбау керектігі ескертіліп, тыңайтқышты елді мекен аумағынан жыраққа апарып тастау туралы нұсқама берілді.
Ермек Қуанов, облыстық экология Департаментінің басшысы:
41-ші разъезд аумағында орналасқан құс фабрикасы да біздің назарымыздан тыс қалмады. Оларға ауаны тазалайтын озонация технологиясын қолдану жөнінде талап қойылды. Олар екі айда қондырғыны орнатуды міндеттеріне алып отыр.
Жақсыбек Кемал
Қазақстанда әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды алу тетігі қайта қаралып, көмек алушыларды тексеру күшейтіледі, д ...
Санжар Тәтібеков, «Talap» коммерциялық емес АҚ президенті ...
Еліміздегі барлық сала цифрланып келе жатқан қазіргі жағдайда мамандарды қайта даярлау ерекше маңызды болып отыр. Әс ...