Елена Рыбакина Швентектен ұтылды
Қытайдың Шэньчжэн қаласында теннистен «World Tennis Continental Cup» турнирі басталды. Бұл жарыста Әлем құрамасы Еур ...
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Ұлыбританияның Лондон қаласында өткен ірі турнирде жеңіске жете алмады., деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Финалда Данилина мен ресейлік Диана Шнайдер жұбы америкалық Эйжа Мухаммад пен нидерландтық Деми Схурспен кездесіп, жеңіліс тапты.
Төртінші нөмірмен тіркелген Мухаммад пен Схурс жұбы 7:5, 6:7 (3:7), 10:4 есебімен жеңіске жетті. Ал Шнайдер мен Данилина екінші нөмірмен тіркелген болатын.
Матч 1 сағат 44 минутқа созылды.
Айта кетейік, Анна мен Диана бұл турнирде алғаш рет жұп болып өнер көрсетті.
Сонымен қатар Данилина WTA жұптық рейтингіндеҚаза 9-орында тұр.
Бұған дейін қазақстандық теннисші Франция ашық біріншілігінің финалында жеңіліс тапқан.
Қытайдың Шэньчжэн қаласында теннистен «World Tennis Continental Cup» турнирі басталды. Бұл жарыста Әлем құрамасы Еур ...
Елімізде алғаш рет ауылды жерде үстел теннисі орталығы ашылды. Қазақстан Республикасы үстел тенисі федерациясы осы ...
Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева АҚШ-тың Линкольн қаласында өтіп жатқан ITF W35 турнирінде ширек фи ...