Қазақстанда әлеуметтік көмек алушыларды тексеру күшейеді
Қазақстанда әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды алу тетігі қайта қаралып, көмек алушыларды тексеру күшейтіледі, д ...
Қазақстанда әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бұл туралы Мемлекет басшысы бүгін құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісі отырысындағы сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Келесі маңызды міндеттің бірі – отбасылық зорлық-зомбылықпен күрес және әйелдер мен балаларды қорғау. Осы бағытта заңнамалық, институционалдық тұрғыдан батыл қадамдар жасалуда. Отбасылық зорлық-зомбылық жасағаны үшін берілетін жаза едәуір күшейтілді. Бір жыл бұрын тиісті заң қабылданды. Заңға енгізілген түзетулер мен басқа да шаралар нақты нәтиже бере бастады. Орташа және ауыр деңгейдегі отбасылық-тұрмыстық қылмыс саны жыл басынан бері 30 пайызға төмендеді», дейді Президент.
Мемлекет басшысы соңғы 5 жылда әйелдерге қатысты құқық бұзушылықтар екі есеге азайғанын айтты.
«Ең бастысы, қазір қоғамдық сана түбегейлі өзгеріп жатыр. Азаматтарымыздың бойында отбасындағы қатігездік пен озбырлыққа мүлдем төзбеушілік қасиеті қалыптасуда», деп атап өтті.
Президенттің айтуынша, зардап шеккендерге қол ұшын беретін, ал құқық бұзушыларды жазғыратын қайырымды қоғам орнығып келеді. Сондай-ақ елімізде «Қазақстан балалары» атты арнайы бағдарлама әзірленіп жатыр. Құжатта өскелең ұрпақтың мүддесін қорғауға арналған маңызды тетіктер ұсынылады.
Қазақстанда әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды алу тетігі қайта қаралып, көмек алушыларды тексеру күшейтіледі, д ...
Санжар Тәтібеков, «Talap» коммерциялық емес АҚ президенті ...
Еліміздегі барлық сала цифрланып келе жатқан қазіргі жағдайда мамандарды қайта даярлау ерекше маңызды болып отыр. Әс ...