Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағын беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді
Президент тиісті Жарлыққа қол қойды. Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағы ресми түрде берілді. Бұл туралы М ...
Мәулен Әшімбаев еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы бағдарламалар кеңсесінің басшысымен жүздесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәулен Әшімбаев Фолькер Фробартты ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесінің басшысы ретіндегі миссиясының сәтті аяқталуымен құттықтап, оған Қазақстан мен Ұйым арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
Сондай-ақ Палата Спикері Қазақстан ЕҚЫҰ-ны халықаралық қауіпсіздіктің қазіргі келбетін қалыптастыратын негізгі институт ретінде қарастыратынын және сындарлы өзара іс-қимылды, оның ішінде парламентаралық байланыстарды одан әрі дамытуға мүдделі екенін атап өтті.
Сенаттың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше кездесу барысында тараптар экология, климаттың өзгеруі, трансшекаралық өзендер, суару, су ресурстарын тиімді пайдалану салаларына қатысты өңірдегі өзекті мәселелерді талқылады. Мәулен Әшімбаев атап өткендей, бұл бағыт Мемлекет басшысының ерекше назарында тұр.
Сонымен қатар сұхбат кезінде тұрақты экономикалық өсу, адам құқықтарын қамтамасыз ету ісіндегі ынтымақтастық, заң үстемдігі, цифрландыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және басқа да салалардағы бірлескен жұмыстың маңызды бағыттары талқыланды.
Фолькер Фробарт өз сөзінде елімізде іске асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді жоғары бағалап, алдағы уақытта Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастық одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
Президент тиісті Жарлыққа қол қойды. Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағы ресми түрде берілді. Бұл туралы М ...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тошиаки Эндо бастаған Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасы мүшелерімен кез ...
Бұл туралы Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Телеграм-арнасында хабарлады. Мемлекет басшыс ...